МӘМС қорымен келісім-шартқа отырған мекемелердің қызмет сапасы тексерілді – Kyzylorda News
Басты бет

МӘМС қорымен келісім-шартқа отырған мекемелердің қызмет сапасы тексерілді

10.06.2021, 16:56

414 0

Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша қор филиалымен келісім-шартқа отырған медициналық мекемелердің қызмет сапасы мен көлеміне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырады.

Биыл 1 тоқсанда халыққа медициналық көмек көрсету кезінде 16,6 мыңдай түрлі кемшілік анықталған. Медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 158 млн теңгеден асты. Барлық медициналық көмек түрлері бойынша жиі кездесетін ақаулар: «емдеу-диагностикалық іс-шаралардың, қызмет көрсетудің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден, клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқуы және пациенттердің деректерін денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне дәйексіз, уақтылы емес, толық емес және сапасыз енгізуі болып отыр.

«ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша медициналық қызмет көрсетушілер халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Іс жүзінде көрсетілген және медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай – ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған қызметтерге ақы төленеді», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Гүлнар Кенжебаева.

Бөлімінің басшысы түсіндіргендей, анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Жалпы құны 17,6 млн теңге болатын 13,9 мыңнан астам осындай ақау тіркелді.

Тексеру кезінде ШЖҚ МКК «№4 қалалық емхана» – 2 824, ШЖҚ МКК «Шиелі аудан аралық ауруханасы» – 1323, ШЖҚ МКК «№5 қалалық емхана» – 1108, ЖШС «Казалы теміржол ауруханасы» -1082 қателік анықталды.

Сондай-ақ, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде 1197  ақау олар ШЖҚ МКК «№5 қалалық емхана» – 137, ШЖҚ МКК «Сырдария аудандық ауруханасы» – 113 және ШЖҚ МКК «Шиелі ауданаралық ауруханасы» -94 ақау.

Тәулік бойы жұмыс істейтін көп бейінді стационарларда медициналық көмек көрсету кезінде 1307 кемшілік:

«Көпбейінді облыстық аурухана» – 162;

«Арал ауданаралық аурухана» – 149;

«Көпбейінді қалалық аурухана»-126;

Ауылдық стационарларда анықталған 141 ақаулардың басым бөлігі Шиелі, Жаңақорған және Арал аудан аралық ауруханалары бойынша.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

0

Пікір қалдыру