**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық істі зерделеу аяқталды. Айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды [Massaget.kz](https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/70566/)**.  Бүгінде қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 304-бабы тәртібінде айыптау актілері қылмыстық процестің барлық қатысушысына, оның ішінде айыпталушылардың қорғаушылары Сұлтанбеков пен Арданға қол қойылып берілген.  > «Сұлтанбеков пен Ардан шетелде жасырынып, келуден жалтарып жүр, осыған байланысты прокуратура ҚІЖК – нің 304-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, оларға қатысты қылмыстық істің сотқа жіберілгені туралы осы хабарламаны жариялайды», – деді қадағалау ведомствосы өкілдері. Бұған дейін прокуратура ҚІЖК талаптарына сәйкес қазақстандық және шетелдік БАҚ-та жарияланымдарды орналастыру арқылы Сұлтанбеков пен Арданға жауап алуға келу және олардың іс-әрекеттерінің біліктілігі туралы қаулыны жариялау қажет екені туралы хабарлаған болатын. Алайда, прокуратура мәліметінше, белгіленген уақытта Сұлтанбеков пен Ардан келмеген және неліктен келмегендері туралы хабардар етпеген.