**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Лотостың тамыры тоқтау судың лайында жатқанына қарамастан, оның гүлдері нәзік және хош иісті болып келеді. Ежелгі заманнан бері көп дінде бұл таңғажайып гүл тазалықтың символы болып саналды. Оның тұқымдары бүр жару үшін қолайлы жағдайды күтумен бірнеше жыл бойы су түбінде жатуы мүмкін, ал гүл санаулы күн ғана бүр жарады.** Қазақстанда лотос гүлдерін Алматы облысындағы көлдерде, сондай-ақ Атырау облысындағы Қиғаш-Шора өзенінің аңғарында тамашалауға болады. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos.webp) Приморск өлкесіндегі Уссурийск маңындағы лотостар көлінің жанында отырған ару. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos1.webp) Лотостың гүлдену уақыты өте қысқа – екі-үш апта. Гүлді жұлудың мәні жоқ. Оған лотостың Қызыл кітапқа енуі ғана емес, гүлдің тым жылдам солып қалуы да себеп. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos2.webp) Бұл жерде реликті тропикалық түрі – Комаров лотосы гүлдейді. Бұл сары өзегі бар қызғылт-күлгін түсті үлкен гүлдердің диаметрі әдетте бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos3.webp) Приморск өлкесіндегі Уссурийск маңындағы лотостар көліндегі үйректер. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos4.webp) Лотос өсетін көлден су шашу сәттілік алып келеді, ал лотос гүлдеген кезде оның түбіне таспа байлау ең ізгі армандардың орындалуына ықпал етеді деген сенім бар. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos5.webp) Приморск өлкесіндегі Уссурийск маңындағы көлде гүлдеген Комаров лотостары. Оларды шексіз уақыт тамашалауға болғанмен, жұлуға рұқсат жоқ. Бір жағынан, бұл өсімдікке қастандық болса, екінші жағынан, ел арасында тараған наным бойынша лотос гүлін жұлу адамға сәтсіздік алып келеді. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos6.webp) Айсберг секілді суат бетінде өсімдіктің тек жоғарғы жағы – үлкен жапырақтар мен ақшыл гүлдер көрінеді. Лотос тамырының ұзындығы бір жарым метрге жетіп, су астында үш метрге дейін созылады. Осыған байланысты лотостарды су арамшөптері деп те атайды. Өйткені олар суаттағы барлық бос аймақты иемденіп, басқа су гүлдерінің өсуіне жол бермейді. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/08/lotos7.webp) Жыл сайын гүлдеген лотостарды тамашалау үшін адамдар Приморье өлкесінен бөлек көршілес аймақтарға да арнайы аттанады. **[Sputnik.kz](https://sputnik.kz/20220813/26674030.html)**[](https://sputnik.kz/20220813/26674030.html)