Kyzylorda-news.kz. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын оқып шықтым. Мағыналы мақаладан ұғарымыз мол.

Бұл мақалада  ел Көшбасшысы «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қағидатын ұстана отырып, барша қазақстандықтарды Абай аңсаған бауырластыққа, бірлікке шақырады. Осы орайда Абай айтқандай ұлты мен нәсіліне қарамай, бар халықты бір тудың астына жинай алған Елбасының сындарлы саясаты көпке үлгі.

Түсінгенім, Абайды өзге ешкіммен салыстыруға болмайды. Ұлы даланың дана перзенті маған ерекше әсер етті. Оның философиялық ой тереңдігіне тәнті болдым. Елбасы айтқандай, дара тұлғаның шығармашылығында ерекше сәуле бар. Сол сәуле әр адамның жүрегін тербейді. Сондықтан Абайды оқу керек, Абайды білмеу – қазақты білмеу, қазақты танымау деген сөз.

Өкінішке орай хакім Абайдың дүбірлі мерейтойы қиын қыстау кезеңде аталып өтілуде. Дегенмен, ұлы ақынның бай мұрасын Елбасы айтқандай заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығы зор, әсіресе жас ұрпаққа берері мол дер едім.

Лайла Пашаева,

Шешен этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары

Тағы да оқыңыз: