«Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігіне -10 жыл – Kyzylorda News
Басты бет

«Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігіне -10 жыл

05.05.2021, 10:40

439 1

Kyzylorda-news.kz. 5 мамыр — «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің мерейтойы. Биыл бізге -10 жыл!

Осыдан тура 10 жыл бұрын ақпарат агенттігі қалың оқырманға жол тартқан болатын. Содан бері аймақта алғаш орнықты жұмыс істеген сайт бүгінде ақпарат айдынында өзіндік орнын тапты. Интернет басылым бүгінде Сыр өңірінің тыныс-тіршілігі туралы ақпараттарды жедел, әрі дәйекті түрде екі тілде таратып, қалың көпшілікті құлақтандырып келеді.

Қазіргі таңда аяғына нық тұрған Қызылорда облысының ресми интернет ресурсы аймақтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорттық, тарихи-танымдық салаларында болып жатқан сүбелі жетістіктерін ақпараттандырып, ортақ іске өз үлесін қосуда. Сонымен қатар әлемді шарпыған коронавирус індеті жайлы ақпаратты күнделікті оқырман назарына ұсынып келеді. Сондай-ақ республика көлемінде аталып өтілетін мерейтойларға арнайы басылым бетінен айдар ашып, көпшілікке ұсынуда.

Қазіргі технологияның қарыштап дамыған заманында ақпарат таратуда бәсекелестікті, өз стилін қалыптастырып үлгерді. Ақпарат агенттігі аз ғана уақыт аралығында алдыңғы қатардағы бұқаралық ақпарат құралдарының біріне айналды. Сондықтан да болар, қалың оқырманы күн өткен сайын көбеймесе, азаймады.

1

  • Мерейтойларыныз кутты болсын! Сiздердiн акпарат айдынында алатын орындарыныз айрыкша. Шыгармашылык табыс толастамасын, окырмандарыныздын катары толыга берсiн!!

Жанибек үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау