«Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қызылорда облысының тұрғындары арасында «Мен репортер» атты байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

  • Облыстағы өзекті мәселелерді ақпараттандыру.
  • Тұрғындар ұсынған проблемалардың шешілуіне оң ықпал ету.
  • «Естуші мемлекет» қағидатына сай билік пен бұқара арасындағы байланысты арттыру.
  • Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  • Байқауға 19 жастан асқан Қызылорда облысы тұрғындары қатыса алады.

Байқау талаптары:

  1. Байқауға қатысушы өзі тұратын елді мекендегі (облыс, қала, кент, ауыл) өзекті тақырыпты, мәселені көтеріп, жазбаша түрде жіберуі керек. Оған қойылатын талаптар:
  2. мәселенің өзектілігін көрсету;
  3. жеке бастың емес, туған жердің, елді мекеннің пайдасына шешілетін, сондағы халықтың мүддесін қорғайтын мәселе болуы керек;
  4. ақпарат нақты, шынайы болуы шарт;
  5. көтерілген мәселеге қосымша фото немесе видеожазбаны дәлел ретінде ұсыну керек.

Байқауға қатысушылар ұсынылатын материалдарды kyznews@mail.ru пошта жәшігіне өз суреттерімен бірге 2021 жылдың тамыз айының 25-інен бастап жіберу жіберу қажет. Өзекті мәселе көтерген 20 облыс тұрғыны комиссия шешімімен бағалы сыйлыққа ие болады. Байқау желтоқсан айында қорытындыланады.

Ескерту: Жергілікті және биліктегі тұлғалардың жеке басына тиісу, жалған ақпарат тарату, мәселені жеткізуде эмоцияға беріліп, мәдениетсіздік танытуға болмайды. Материалды бағалау барысында көрсетілген жағдайлар ескеріледі.

Тағы да оқыңыз: