Kyzylorda-news.kz. Күзде ағзаның ауа райының жиі өзгеруіне, температураның күрт төмендеуіне бейімделуі қиын.  Сондықтан дәрумендерге бай тағамдарды көбірек тұтыну керек.  

Азық-түліктерде кездесетін табиғи қоректік заттар жақсы сіңеді. Маусымдық жемістерді тұтыну керек, олардың құрамында пестицидтер мен басқа да химиялық заттар аз, деп жазды orthomol.family.

С тобының дәрумендері цитрус жемістерінде, ашытылған қырыққабатта, пиязда көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, аскорбин қышқылын шайдан, шетен жидегінен, шеңгел жидегінен, қарақат пен итмұрыннан алуға болады.

Е тобының дәрумендері өсімдік тектес әр түрлі майларда, жұмыртқада, сәбізде болады. Сондай-ақ бұл дәрумен көкөністерде, жүгеріде, өнген бидайда кездеседі.  

Д дәрумені тағам құрамында өте аз. Оны ультракүлгін сәуледен алуға болады. Бұл микроэлемент тек сары май, ірімшік, қаймақ, кілегейде болады.

Күзде иммунитетті нығайтатын А дәруменін алу бәрінен оңай. Ол сәбізде көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ, бұл микроэлементті жұмыртқа, сүзбе, алма, қызанақ жеу арқылы толықтыра аласыз.

Sputnık Қазақстан.

Тағы да оқыңыз: