Kyzylorda-news.kz. Коронавирус ауыз қуысына зақым келтіруі мүмкін. Бұл туралы Бразилия университеті ғалымдарының International Journal of Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуінде айтылған.

Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабыну процестерін тудырады деген қорытындыға келді. Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді.

Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.

“Хабар 24”

Тағы да оқыңыз: