Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды. Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысында тапсырма берді.

«Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», – деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.

Еске сала кетсек, аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режім талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: