Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске жұмылдырылған дәрігерлердің жалақысын екі-үш есеге көтереді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

Ол төтенше жағдайға байланысты ақ халаттылардың жұмыс кестесі өзгергенін атап өтті. Қазір дәрігерлер төрт ауысыммен жұмыс істейді.

«Министрлік тарапынан толыққанды қолдау бар. Министрдің бұйрығы бар, алғы шепте жүрген дәрігерлерге екі-үш айда жалақысын 2-3 есе көтеру қарастырылып отыр» – деді Ахметшәріп ұлттық арнадағы «Ашық алаң» бағдарламасында.

Тағы да оқыңыз: