Kyzylorda-news.kz. Шымкентте коронавируспен ауыратын науқастың жеке деректерін таратуға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы брифингте ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Брифингте Дәурен Абаевтан ғаламторда COVID-19 жұқтырған адамның аты-жөні қалай пайда болды деген сұрақ қойылды.

“Шымкенттік полиция бөлімі коронавирустық инфекциясы бар науқастың жеке деректерін әлеуметтік желілерде тарату бойынша қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі жеке өмірге қол сұғушылықты және “Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде”, – деді министр.

Айта кетейік, осы бап бойынша құқық бұзушылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Тағы да оқыңыз: