Kyzylorda-news.kz. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан қайтыс болған адамды жерлеу рәсіміне қатысты пікір білдірді.

«Коронавирустан адам қайтыс болуына байланысты журналистер марқұмды қалай жерлеу керектігі туралы сұрап жатыр. Бүгін кешке немесе ертең таңертең бас санитарлық дәрігердің ресми қаулысы шығады. Онда қатаң сақталуы керек ережелер көрсетіледі. Дәрігерлер айтқан талаптарды қатаң сақтау қажеттігі туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Православие шіркеуі тиісті пәтуа мен ескертулер әзірледі”, – деді министр “24.kz” телеарнасындағы баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін, коронавирус инфекциясынан көз жұмған науқастардың қайда жерленетінін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: