Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар бірінші кезекте не істеу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн баспасөз мәслихатында «диета ұстану – коронавирус инфекциясына байланысты иммунитетті әлсіретуі мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.

«Коронавирус инфекциясына байланысты жағдайдың күрделі екенін ескеріп, бұл кезеңде өмірдің қалыпты режимі мен ырғағын ұстанған жөн», – деді Сәуле Қисықова.

Осы орайда ол тамақтанудың қалыпты режимін сақтауға кеңес берді.

«Тамақтану тәртібін күрт төмендетуге болмайды. Калориясы төмен тағамдар бар, яғни оны адамдар өздері таңдауы керек. Әрине, адамдар қандай диета керектігін өздері біледі. Алайда, біз ашығуға кеңес бермейміз», – деді Сәуле Қисықова.

Тағы да оқыңыз: