Коронавирус індетінің тағы 20 оқиғасы тіркелді: науқастар саны 228-ге жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Коронавирус індетінің тағы 20 оқиғасы тіркелді: науқастар саны 228-ге жетті

28.03.2020, 21:10

302 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 20 оқиғасы тіркелді.

«28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 18 адам, Алматы қаласында – 1 адам, Ақмола облысында – 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 135 адам, Алматы қаласында – 51, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6, Атырау облысында – 5, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Алматы облысында – 4, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, жалпы 228 науқас тіркелді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

0

Пікір қалдыру