Kyzylorda-news.kz.  Қызылордалықтың көлік жуу орталығына қойып кеткен «Lexus-570» автокөлігінен 137 000 теңге жоғалған.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты 32 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: