Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғыны сыр сақшыларына алғыс айтты.

Жәбірленушінің айтуынша ақпан айының 2-нен 3-не қараған түні белгісіз біреулер үйінің алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен. Ол Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне арызданған.

Арыз бойынша жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті 36 жастағы көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті автокөлікті Түркістан облысы Ленгер ауылына апарып, 450 000 теңгеге сатып жіберген. 

2 наурыз күні Түркістан облысы, Сайрам ауданының 34 жастағы тұрғынынан ұрланған «Daewoo Nexia» автокөлігі айғақ зат ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жәбірленуші өз кезегінде көлігін тауып берген полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: