Kyzylorda-news.kzҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 бұйрығы 2022 жылғы 23 мамырдан бастап күшіне енетінін хабарлайды.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген немесе тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тыйым салулар мен шектеулердің сақталмағаны анықталған жағдайда, кеден органы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды.  Оны кеден органы тыйым салу туралы осындай шешім қабылдаған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы белгі қою арқылы немесе кеден органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушының ақпараттық жүйесі арасында өзара іс-қимыл боған кезде, осындай тыйым салу туралы хабарламаны электрондық нысанда жіберу арқылы – тасымалдаушының, ал ол болмаған кезде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлғаның назарына жеткізетінін хабарлаймыз.

Тағы да оқыңыз: