Келесі жылы шетелдік вакциналар ақылы түрде салынатын болады – Kyzylorda News
Басты бет

Келесі жылы шетелдік вакциналар ақылы түрде салынатын болады

23.10.2021, 12:00

273 0

Kyzylorda-news.kz. Келер жылы шетелдік вакциналар ақылы болады. Бұл туралы Денсаулық министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Ал QazVac пен «Спутник V» екпесі тегін.

Министрдің айтуынша, қазір бұл мәселені фармациялық компаниялар пысықтап жатыр. Бас дәрігер қайта вакциналау үшін екпенің 1 ғана дозасы салынатынын айтты. Елімізде ревакцинация қараша айының соңында басталады. Коронавирусқа қарсы толық курс аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң үшінші дозаны егу ұсынылады. Мысалы, «Спутник» вакцинасы егілген адамдар 9 ай өткенде вакцинаның басқа түрлерін салдыра алады.

24 kz

0

Пікір қалдыру