Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бастап жаңа төлем – «цифрлық майнинг үшін төлем» енгізілетінін хабарлайды.

Өзгерістерге сәйкес Салық кодексінің 606-1-606-5-баптары 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Цифрлық майнинг үшін төлем төлеушілер цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.

Төлем объектісі цифрлық майнинг (криптовалюта өндіру) кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемі болып табылады.

Цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасы цифрлық майнингті жүзеге асыру кезінде (криптовалютаны өндіру) тұтынылған электр энергиясы қуатының 1 киловаты үшін 1 теңге мөлшерінде болады.

Цифрлық майнинг үшін төлем есептеу үшін салық кезеңі тоқсан болып табылады, салық есептілігі көзделмеген.

Төлеушілер өз қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті болып табылатын майнинг мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайтын болады.

Тағы да оқыңыз: