Келдібай Бектұрғанов: Елді мекендерді дамытуға күш салу керек – Kyzylorda News
Басты бет

Келдібай Бектұрғанов: Елді мекендерді дамытуға күш салу керек

22.09.2022, 15:48

212 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық тазалығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласының ардагері Келдібай Бектұрғанов Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Ардагер өз сөзінде Жолдау аясында елді мекендерді дамытуға күш салу керек екенін айтты.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 1-ші қыркүйекте халыққа жасаған Жолдауында өзекті мәселелер айтылды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы саласына байланысты бірқатар тапсырмалар берілді. Бүгінде өзін-өзі ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етіп отырған отбасылар жетерлік. Еккен егіні арқылы отбасын асырап, тиімді бағада жұртшылыққа сатып отыр. Қазір ауылдағы тұрғындар қалаға үдере көшуде. Соның әсерінен жұмыссыздық деңгейі көтеріліп, көп жастар екі қолға бір күрек таппай сандалып жүр. Керісінше, қаладағы халықты егін егуге, мал шаруашылығымен айналысуға шақыру керек. Ауылға көшкен жастарға мемлекеттік бағдарламамен тиімді жағдай жасау арқылы елді мекендерді дамытуға күш салу керек. Ауылы өркендеген елдің кемшілігі болмайтыны анық. Себебі төрт-түлік басы көбейіп, шаруашылықпен айналысатын азаматтар артса халықтың жағдайы одан әрі жақсарады. Сонымен қатар ішкі нарық толықтай жергілікті өніммен қамтамасыз етіледі», – дейді Келдібай Бектұрғанов.