Кедейлікте өскен адамды 5 қасиетіне қарап тануға болады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Кедейлікте өскен адамды 5 қасиетіне қарап тануға болады

02.01.2020, 10:00

391 0

Kyzylorda-news.kz. Парадокс: кедейлік санадағы адам шоппинг жасаудан ләззат алмайды. Ақша бар, алайда, оны жұмсауды жөнсіз санайды. Әсіресе, өзіне сараңдық танытады.

Аз қамтылған отбасында өмір сүрдім, өзімнен үлкен аға-әпкелерімнің киімдерін киіп өстім, ешқашан да ата-анамнан жаңа ойыншық алып бер деп сұрамадым, өйткені, оларда ақша жоқ екенін білдім… Егер осы айтылғандар сіз туралы болса, онда сізде хабарыңыз болмай, әл-ауқатыңызға кедергі келтіретін әдеттер пайда болған болуы мүмкін.

Кедейлік – кемшілік емес. Ол – өмір мектебі. Егер ол мектептен өткен болсаңыз, демек, сізде кедейлік «инфекциясы» бар.

Жоқшылыққа байланысты қалыптасқан әдеттер адамда өмір бойына, тіпті, материалдық жағдайларды жақсартқан күннің өзінде де қалып, қалта мен жүйкені сүлікше сорып, жұқартып отырады.

Алайда, кедейлік адамның туабітті «соры» емес. Кез келген адам жай ғана ойын өзгерте отырып, жоқшылықтан құтыла алады. Бәріміз іс ойдың жемісі екендігін өте жақсы білеміз.

«Мен баяғыдан бері кедеймін. Бала кезден бастап 18 жасқа дейін ештеңе өзгерте алмадым. 18-ден кейін де 17 жыл бойы сол «балалықта», ешнәрсені өзгерткім келмей өмір сүрдім. Мен оған шағым айтып, кейіс білдіріп тұрғаным жоқ. Өз жолымды өзім таңдадым…».

Бұл – 35 жыл кедейлікте өмір сүрген Джон Чиздің (John Cheese) жақсы жұмысқа тұрғанға дейін айтқан сөздері.

Жаңа жұмыс Джон Чиздің өмірін күрт өзгертті. Тоңазытқыш тамаққа толды, бүкіл қарыздарынан құтылды. Алайда, Джон кедей адамның әдеттерінен арыла алмады. «Мен кедеймін» деген «инфекция» мидың түбіне кіріп алып, санасын биледі.

Кейін Джон өзінің жеке тәжірибесіне сүйене отырып, кедей адамдардың әдеттері туралы жазды.

1. Арзан тамақ
АЕК (айлық есептік көрсеткіші) төмен адамдардар азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударады:

– бағасы

– оның жарамдылық мерзімі.

Біріншісі, барынша төмен болуы, ал екіншісінің ұзақ болуы маңызды.

Сапа? Дәм? Өндіруші? Ол оны мазаламайды. Азық-түлік өнімдерін аптасына бір рет немесе одан ұзақ мерзімде сатып алу. Оның 90%-ы консервіленген. Жаңа піскен жеміс-жидектер, көкеністер тым қымбат. Ет? Оның орнына сорпалық сүйек-саяқ.

Ал егер сіздің сапалы азық-түлікті тұтынуға мүмкіндігіңіз пайда болса да, уақыт өте келе сіз бұрынғы арзан, сапасыз өнімді сағынып, тұтынғыңыз келіп тұрады.

2. «Артық» ақша
Егер кедей адамға аяқ астынан қомақты ақша түссе, онда ол оны түгелімен бірден жұмсап қоюға талпынып тұрады. Бұл – кедейлік «инфекциясының» рефлексі.

Ол артық ақшаны қаражаттан қиналып қалуы мүмкін күндерге қалдыруды ұмыт қалдырады. Себебі, кедейлік санасы бір күнмен өмір сүруге итермелейді.

Адам артық ақшаны базарға барып, тиынына дейін жаратып қайтады. Ертеңін ойламайды.

Парадокс: ақшаға мұқтаждар қаражатты үнемдей алмайды, ал байлар, керісінше, үнемшілдіктің арқасында ақшасын еселей түседі.

Егер адам байып кеткен жағдайда ол өзінің қаражатын тиімді әрі үнемді ұстауды үйренуі қажет. Өйткені, ақша  – «қолдың кірі», тез келіп, тез кетіп қалуы мүмкін. Ақшаны ұстау аса сауаттылықты қажет етеді.

3. Сыйлықтар
Егер адамда ақша болмаса, оған сыйлық қажет емес. Үлкендер жағы мұны жақсы түсінеді. Ал балалар ше?..

Мына жаңа кроссовкалар саған, бірақ, бұл – туған күніңе сыйлық.

Егер сіз аз қамтылған отбасында өмір сүрсеңіз, бұл сөздер сізге таныс болуы керек. Жарты жылдан кейін сыйлықсыз қалатыныңызды білсеңіз де, бұл үшін қатты қуанасыз. Сізде ең бастысы жаңа кеды бар.

Балалар ата-анасының артық ақшасы жоқ екендігін біліп/түсініп, ананы-мынаны алып бер деп оларды мазаламайды. Алайда, ересектерде «мен балама соны алып бере алмадым, қатарынан қалдырдым» деген кінәлі сезім мәңгі қалып қояды.

Сондықтан да қаражат жағдайы түзелгенде ол мен көрмегенді балам көрсін, мен алмағанды балам алсын деп дүкеннен ойыншық, киім қалдырмай сатып алады.

4. Бухгалтерия
Ақшаны үнемі санай беру кедейлік «инфекциясының» тағы бір белгісі болып есептеледі.

Сіз карточкаңызда, әмияныңызда қанша ақша жатқанын өте жақсы білесіз. Қай жерге қандай ақша төлеу керек, керек десеңіз, коммуналдық төлемдердің есебін де жатқа білуіңіз ғажап емес.

«Ақша жетпей қалуы мүмкін» деген қорқыныш кедейлікте өмір сүрген адамдарды мазалай беретін болады.

5. Ең қажетті заттар
Егер адамның айлығы шайлығына жетпей жатса, ол тек бүгінгі уақытты ойлап, соған қажетті заттарды сатып алады.

Мәселен, жазда жаппай сатылымдағы қысқы куртканы сатып алуға болады. Бағасы сутегін десе де болады. Кедейлік санадан арылмаған адам жазда қысқы, ал қыста жазғы киімді сатып алмайды. Жазда қысқы куртка не үшін керек деп ойлайды.

Әпке-ағаларының киімдерін киіп өскендер жаңа джинсты ескісі тозған кезде ғана киетіндігін жақсы біледі. Бұл – «ауру қалса да әдет қалмайтынының» кері. «Маған жаңа бәтеңке неге керек, ескісін жөндеп кие берсем де болады» деп ойлайды.

Парадокс: кедейлік санадағы адам шоппинг жасаудан ләззат алмайды. Ақша бар, алайда, оны жұмсауды жөнсіз санайды. Әсіресе, өзіне сараңдық танытады.

Кедейлік сіздің барлық уақытыңызды алады. Ол сол үшін жаман.

Кедейлік сүйекке салынған таңба емес. Одан кез келген адам құтыла алады. Алайда, кедейліктен құтылу үшін ойыңыз дұрыс болу керектігін есіңізден шығармаңыз. Сондықтан да сананың түпкіріне кіріп алған, біз айтқан «кедейлік инфекциясымен» күресіп, өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғарылатып, бай-қуатты өмір сүруге талпыныңыз.

Bilim-all

0

Пікір қалдыру