«Катюша» қазалылықтарға қызмет етеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

«Катюша» қазалылықтарға қызмет етеді

10.12.2019, 11:00

501 0

Kyzylorda-news.kz. Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда «Катюша» сауда орталығы пайдалануға берілді.

Аудан орталығынан 70 шақырым қашықтағы Алға ауылдық округінен ашылған сауда орталығынан тұрғындарға қажетті азық-түлік пен керек-жарақтың барлығы табылады. Бағасы да аудан орталығындағы базар нарқынан төмен болмаса қымбат емес.

Сауда орталығының ашылу салтанатында Алға ауылдық округінің әкімі Абдолла Төлемісов, еңбек ардагері Байғабыл Әбсұлтанов құттықтау сөз сөйлеп, «кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін» деген тілектерін жеткізді.

Кәсіпкерлік саласын дамытуға елеулі үлес қосқан жеке кәсіпкер Рая Жасақбайға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Алғыс хатын» табыстады.

Жаңа ашылған сауда орталығын аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аралап көріп, кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

0

Пікір қалдыру