Kyzylorda-news.kz. Кардиолог, медицина ғылымдарының кандидаты Анна Кореневич инфаркт пен инсультты уақытында анықтап, алдын алуға болатын әдісті атады. Бұл туралы маман өзінің YouTube каналында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Дәрігердің айтуынша, ол үшін алдымен атеросклерозға тексеруден міндетті түрде өтіп, бірқатар анализдерді тапсыру қажет. Кейін нәтижелерді кардиологқа көрсету керек.

«Шынында да, өкінішке орай, біз апатты жағдайдамыз. Жер планетасындағы адамдар көбінесе инфаркт пен инсульттан өледі. Олар кенеттен, күтпеген жерден көз жұмып жатады. Немесе ауырып, мүгедек болады», — деді Кореневич.

Сондай-ақ, ол жүрек ауруларын анықтау үшін МРТ жасау қажет емес екенін атап өтті. Алайда ЭКГ мен УДЗ-ден тексерістен өту қажет. Жүректің, мойын тамырларының, аяқ артерияларының, қалқанша безінің, бүйректің, бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі, Холтер мониторингі, клиникалық қан анализі, жалпы зәр анализі және биохимия кіруі керек.

Маман, әсіресе, 40 жастан асқан пациенттерге, сондай-ақ, жүрек ауруларына шағымданатындарға алдын ала дәрігерге қаралу керектігін ескертеді.

Тағы да оқыңыз: