Кардиолог дәрі-дәрмексіз қан қысымын қалай түсіруге болатынын айтты – Kyzylorda News
Басты бет

Кардиолог дәрі-дәрмексіз қан қысымын қалай түсіруге болатынын айтты

16.02.2020, 14:00

419 0

Kyzylorda-news.kz. Неміс кардиологы Мартин Холле Focus порталына берген сұхбатында қан қысымын қалай дәрі-дәрмексіз түсіруге болатынын айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дәрігердің айтуынша, спортпен айналыспау және дұрыс тамақтанбау, сондай-ақ, салмақ қосу қан қысымының жоғарылауына себепші.

«Күнделікті таза ауада 15 минут уақыт серуендау қан қысымын түсіруге көмектеседі. Велосипедпен немесе жүгіру бұл серуендеуге жатпайды. Ол керісінше қан қысымын көтеріп жібереді. Сол себепті таза ауада физикалық жаттығулар жасаған дұрыс», – дейді кардиолог.

Сондай-ақ, дәрігер колбаса, нан және ірімшік сияқты азық-түлік өнімдерінен бас тартуға кеңес береді. Оның орнына жеміс-жидек жеу керек дейді.

0

Пікір қалдыру