Карантиннен кейін кеңселер «екі метр ережесі» бойынша құрылады – Kyzylorda News
Басты бет

Карантиннен кейін кеңселер «екі метр ережесі» бойынша құрылады

19.04.2020, 12:00

806 0

Kyzylorda-news.kz. Cushman & Wakefield халықаралық консалтинг компаниясы «екі метр ережеге» (6-Feet-Office) негізделген кеңсенің жаңа тұжырымдамасын ұсынды.

Тұжырымдаманы коронавирус пандемиясы кезінде жұмыс орнында инфекцияның алдын алу үшін Голландияның C&W кеңсесі жасаған.

Жаңа тәсіл қызметкерлер мен жұмыс берушілерге жұмыс ортасын әлеуметтік қашықтықтың жаңа талаптарына бейімдей отырып, жұмыс орнында жаңаша орналасуды мақсат еткен.

«Екі метр ережесі» 6 негізгі қағиданы қамтиды:

Бірінші ереже – дезинфекциялау құралдарын қолдану;

Екіншісі – қиылыспайтын жолдар ағымын құру: кеңседе нұсқаулық бойынша қозғалыс орнатылады;

Үшінші ережеге сәйкес жұмыс орындары бір-бірінен 2 метр қашықтықта орналастырылады, ал еденге әр қызметкердің жеке қауіпсіздік шектеулері орнатылады;

Төртінші ереже – кеңседе сағат тілі бағытымен қозғалу;

Бесінші –  жиналыс бөлмелеріне барынша көп қызметкерлерді жинамау;

Алтыншы ереже – қызметкерлер күнде үйге ноутбуктарын өздерімен бірге алып кетулері шарт. Олар кеңседегі жұмыс үстелін бір реттік пайдаланатын қағазбен жауып кетуі керек.

Massaget