Kyzylorda-news.kz. Елордалық полиция департаменті 19 наурыз күні карантинге жабылатын Нұр-Сұлтанға кімнің кіре алатынын және ол үшін қандай құжаттардың қажет екенін мәлімдеді.

ПД басшысы Ержан Сәденовтың мәліметінше, бүгін түннен бастап елорданың шығу жолдары мен кіреберістерінде бөгеттер жұмыс істей бастайды – олар барлық көлік үшін карантиндік аймақтың қиылысын шектейді.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанға тек осыған дейін шығып кеткен тұрғындар ғана кіре алады. Кіру құқығын растау үшін блок-бекетке куәлік көрсету керек.

Құжаттар бойынша тексерушілер адамның тіркелген жерін тексереді. Егер ол елордалық болса, қала ішіне кіреді.

Тағы да оқыңыз: