Карантин уақытында тіс дәрігеріне баруға бола ма? – Kyzylorda News
Басты бет

Карантин уақытында тіс дәрігеріне баруға бола ма?

28.04.2020, 17:20

706 0

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті карантин режимінде тісі ауырған науқастар не істеу керек екенін түсіндірді. Белгілі болғандай, қазақстандықтар карантин кезінде тіс дәрігеріне бара алады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің бұйрығымен қазір барлық медициналық ұйымдар карантинге жабылғанын түсіндірді.

Бұл барлық жоспарланған іс-шаралардың уақытша тоқтатылғанын білдіреді, алайда науқастарды шұғыл қабылдау мүмкіндігі бар.

«Медициналық ұйымдарда жедел көмек көрсетуге тыйым салынған жоқ және тыйым салынбайды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

Covid-19-дың Қазақстанда таралуына байланысты тіс емханаларында науқастарды жоспарлы емдеу тоқтатылды, өйткені дәрігер мен пациенттің байланысы тым жақын.

Алайда оларға жедел көмек көрсетуге тыйым салынбаған. Жедел ауырсыну немесе басқа төтенше жағдайлар кезінде сіз кепілдендірілген тегін көмек бойынша медициналық көмек көрсететін және медициналық сақтандыру қорымен келісім-шарт жасасқан тіс дәрігерлеріне хабарласа аласыз.