Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 5 шілдеден бастап мониторингтік топ бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында 736 заңбұзушылық анықталды.

Карантин талаптарын бұзудың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыру және қоғамдық тамақтану орындары мен азық-түлік сауда үйлеріне қатысты тіркелген. Оның ішінде, 14-і жеке кәсіпкерлікке, 722-і жеке тұлғаға айыппұл салынды. Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз қызмет көрсеткен.

Сонымен қатар, шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.Атап айтқанда, 257 дерек маска тағу ережесін бұзған және әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған , 58-і жұмыс жасау уақытының шектелуі , 29-і тыйым салынған нысанның қызмет көрсетуі, 14-і залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша бұзушылық орын алды.

Тағы да оқыңыз: