Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 10 айда 3352 азаматқа кәсіпкерлік саласына қатысты 8462 кеңес беріп, жоспарды 33 %-ға артық орындады. Осылайша аймақтың Кәсіпкерлер палатасы ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметі бойынша республика көлемінде 1 орында.

Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметі кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға облыстың барлық аудандарында орналасқан Палата жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында, сонымен қатар https://g4b.kz/ порталы арқылы онлайн режимде көрсетіледі.

 «Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету қызметі облысқа қарасты 7 аудан мен Байқоңыр қаласында көрсетіледі. Кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік бағдарламалар, қолдау тетіктеріне қатысты кеңес алуда Қазалы ауданының азаматтары өте белсенді. 10 айда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан 1037 қазалылық кеңес алған. Одан кейінгі белсенділік Қармақшы және Шиелі аудандарына тиесілі», – дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

 Палата басшысы кеңесшілерден бағыт-бағдар алған азаматтар одан кейін салаға қатысты түрлі бағдарламаларға қатысып, қаржы ұйымдары арқылы жобаларын қаржыландыруға қол жеткізіп жатқандығын да жеткізді. Мәселен, 10 айда кеңес алған үш мыңнан астам азаматтың 884-інің жобалары 708,5 млн теңгеге қаржыландырылған.

Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы кеңесшілерінен кеңес алуға шақырамыз. Қызметтердің барлығы ақысыз – тегін.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының  (КҚО бөлімдері) мекен-жайы:

Арал ауданы – Арал қ., Бақтыбай батыр к-сі, №46 үй, тел.:8/72433/79199;

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті–ке би, № 9 үй, тел.:8/72438/79243;

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі, №36 үй, тел.:8/72437/79120;

Қармақшы ауданы – Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы №16, тел.: 8/33622/23527;

Жалағаш ауданы –  Жалағаш кенті, Қазыбек би, №55 үй, тел.: 8/72431/79199;

Сырдария ауданы – Сырдария кенті, Қонаев к-сі, № 12 А үй, тел.: 8/72436/79179;

Шиелі ауданы – Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі, №5 үй, тел.:8/72432/79255;

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, ул.Хорасан ата, №177 б үй, тел.:8/72435/79120;

Қызылорда қаласы – Қызылорда қаласы, Қорқыт ата к-сі 123, тел.: 8 /7242/ 40-08-74, 40-02-02.

Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02

Сall-Center – 1432.

Тағы да оқыңыз: