Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы әділет министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №58 бұйрығымен бектілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзгемемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасына сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қояды.

Ресми құжаттарға апостиль қоюда мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптарына сәйкес өтініштер мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қабылданады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландырылу мақсатында қызмет алушылардың құжаттарын қабылдауы электрондық түрде жүзеге асыру басты міндетіміз болып саналады.

Осыған орай, ресми құжаттарға апостиль қою үшін жүгінуші азаматтарға электронды түрде өтініш берудің тиімділігі  мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе порталдың есептік жазбасына  ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған  және тіркелген  жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған электрондық өтініш;

2) сканерленген көшірмесі түріндегі апостильдеу қойылуға жататын құжат электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының тиімділігі, әрбір азамат мемлекеттік қызмет алудағы қанағаттанарлық деңгейін арттыру. Олардың өтініштерінің қалай қарастырылып жатқаны,  дер кезінде сапалы жауап алуға толық мүмкіндігі болады.

А.Жақсылық    

Қызылорда облысының

әділет департаментінің бас маманы

Тағы да оқыңыз: