Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлік Кодекстің 124-6-бабының және  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу Қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағаларының көтерілетіні туралы хабарламаны қарау кезінде жария тыңдаулар міндетті түрде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Энергосервис» ЕЖШС-нің хабарламасын қарау кезінде  жария тыңдау өткізді. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.

Электр энергия тарифтерінің өзгеруінің негізгі себебі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 30 наурыздағы №108 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энергиясы құнының 11 пайыздан 25 пайызға дейін артуы.

«Энергосервис» ЕЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасы ҚҚС-мен 1 кВт.сағ 21,97 теңгені құрады немесе 16,4 пайызға өзгеруімен.

Қазіргі кезде, Департаментпен бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілуде. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен тұрғындарға тариф жүктемесін азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Өткізіліп отырған жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ескертпелер мен ұсынысынтарды ескере отырып, Департаментпен соңғы шешім 2021 жылдың 16 мамырында қабылданады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

Тағы да оқыңыз: