Kyzylorda-news.kz.  Қазіргі таңда қоғамда алаяқтықтың түрі көбейген. Күн сайын мақсатына оңай жету үшін адамдар қаражат беріп, алаяқтардың құрбаны болуда.

Солардың бірі 31 жастағы қала тұрғыны 12 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция бөліміне арызданған.

Арызда ол осыдан үш ай бұрын бір азаматша «ипотекаға үй алып беремін» деп сеніміне кіріп, 350 000 теңгесін алған. Алайда уәде берген азаматша осы кезге дейін үй де, ақша да қайтармай алдап жүргенін көрсеткен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бұрын сотты болған 52 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 2 бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: