Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

05.12.2020, 14:00

357 0

Kyzylorda-news.kz. Ауыр атлет Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды. Қызылордалық зілтемірші жаңа қызметі туралы жаңалықты «Instagram» парақшасында жариялады.

«Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды», – делінген жазбада.

Биыл 10 қыркүйекте Ильин қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, зілтеміршінің негізгі қызметі – Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры.

0

Пікір қалдыру