ІІМ: WhatsApp-пен жеке құжаттардың суретін жіберуге мүлдем болмайды – Kyzylorda News
Басты бет

ІІМ: WhatsApp-пен жеке құжаттардың суретін жіберуге мүлдем болмайды

24.12.2019, 9:40

958 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ішкі істер министрлігі жеке куәлік пен банк карталарын WhatsApp арқылы жолдай бермеуге шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қауіпсіздік үшін кілт сөздерді (әлеуметтік желіде немесе телефонда) жиі өзгертіп тұрған жөн. Себебі, қазір қолыңыздағы телефонда бәрі сақталады. Өміріңізде бір рет болсын, WhatsApp арқылы жеке куәліктің суретін жіберген боларсыздар. Кей жағдайда азаматтар банк карталарының да суретін жолдайды. Мұндайдан сақтану керек. Өйткені, бұл құжаттардың көшірмесімен-ақ онлайн-сауда жасай беруге болады. Интернетті пайдаланудың қарапайым ережелелерін сақтаған дұрыс», – деді ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Рүстем Дүйсетаев бұған дейін интернет-алаяқтықтың басым бөлігі трансшекаралық сипатқа ие екенін атап өткен болатын. Оның айтуынша, қолға алынған шаралардың арқасында биыл осындай мыңға тарта қылмыс ашылды. Осы қылмыстарға қатысты 388 адам ұсталды. Олардың 160-ы екі немесе одан да көп қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген.

0

Пікір қалдыру