Kyzylorda-news.kz.  2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды.

Ол жедел – іздестіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған;) бойынша қылмыс жасап, тергеуден  бой тасалап жүрген.

Жедел уәкілдер күдіктіні қала аумағындағы үйлердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Тағы да оқыңыз: