Kyzylorda-news.kz. «Халық сүйіктісі» сыйлығының 10-шы маусымының үміткерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда «Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталғанын хабарлаған болатын.

Ал бүгін сыйлықтың финалистері айқындалды:

№1 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМІ»

– Төлеубаев Данияр Ерғалиұлы, Жезқазған индустриялық-гуманитарлық колледжі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары;

– Төлеген Васильевич, Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі;

– Григорьева Нина Михайловна, флейта оқытушысы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті;

– Төлеміс Жұлдызай Серікқызы, Қостанай облысы, «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының биология пәнінің мұғалімі.

№2 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРІ»

– Қадырова Әсия Мырзағалиқызы, «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» КММ дерматовенерология бөлімінің бастығы;

– Пя Юрий, қазақстандық дәрігер, кардиохирург;

– Жаңатаров Ержан Бисембайұлы, стоматолог, «Сымбат» клиникасының жетекшісі;

– Асанбаев Болат Сайдаұлы, Қызылорда облыстық инфекциялық аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімінің меңгерушісі.

№3 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫ»

– Рахмонов Шафкат, UFC-дегі қазақстандық файтер;

– Юлия Галышева, фристайлшы, қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері;

– Левит Василий, қазақстандық әуесқой боксшы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;

– Жұмағұлов Жалқас (ЖӘКӨ), қазақстандық аралас стильдегі спортшы.

№5 номинация «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІСІ»

– Дина Төлепберген, қазақстандық тележурналист, КТК арнасының жүргізушісі;

– Нартай Аралбайұлы, «Мәселе» бағдарламасының бас редакторы, авторы, жүргізушісі, «Жүзден жүйрік» бағдарламасының жүргізушісі;

– Дмитрий Олейников, «Хабар» телеарнасының жүргізушісі;

– Шойымбек Бақыт, «Астана» телеарнасының жүргізушісі.

№6 номинация. «ЖЫЛ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ»

– Димаш Құдайберген, Қазақстанның өнер қайраткері, танымал қазақстандық әнші;

– Нелдібаев Әсет Төлегенұлы, «Астана-Опера» Мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестрінің фагот тобының концертмейстері;

– Иманбек, қазақстандық ди-джей және музыкалық продюсер;

– Адамбай Нұртас, қазақстандық актер, шоумен, режиссер, продюсер және сценарист.

№7 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПАРЛАМЕНТАРИЙІ»

– Нығматулин Нұрлан, Мәжіліс спикері;

– Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты, ҚКХП фракциясы;

– Жүсіп Нұртөре, Сенат депутаты;

– Павел Казанцев, Мәжіліс депутаты.

№8 номинация «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПУБЛИЦИСТІ»

– Михаил Козачков, журналист, публицист;

– Андрей Чеботарев, саясаттанушы, «Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры;

– Қуат Даурен, «Қазақ әдебиеті» республикалық газетінің бас редакторы;

– Шибұтов Марат, саясаттанушы, публицист.

№9 номинация. «ЖЫЛДЫҢ БЛОГ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ»

– Асқар Жанапов, Youtube, туристік блогер;

– Қорғанбекова Насима, Facebook, құқық қорғаушы;

– Майгелдинов Қазбек, Facebook, саясаттанушы;

– Русинович Кристина, Instagram.

№10 номинация. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ БАСЫЛЫМЫ»

– Zakon.kz;

– Гиперборей – You Tube, Вадим Борейконың арнасы;

– Nur.kz;

– Azattyq Rýhy.

Ұйымдастырушылар дауыс берудің ақтық кезеңі бүгін, яғни 23 қарашада www.lubimec.kz ресми сайтында басталып, 3 желтоқсанда аяқталатынын хабарлайды.

Сонымен бірге әділ қазылардың бір ауыздан берген шешімімен «Алтын дәуір» Құрметті номинациясына музыкалық педагог, профессор, Қазақ КСР Халық әртісі Кесоглу Лаки Константинович ие болды.

Тағы да оқыңыз: