Гүлшара Әбдіқалықова: Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Гүлшара Әбдіқалықова: Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр

15.01.2022, 18:44

488 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақта ахуал тұрақты екенін және қалада 9 ғимаратқа жөндеу жұмыстары басталғанын айтты. Бұл туралы облыс әкімі «Facebook» парақшасында жазды.

«Қадірлі сырбойылықтар! Сіздер қазір облыста қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы хабардар болып отырсыздар деп ойлаймын. Бүгінгі таңда аймақта ахуал тұрақталды. Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр. Кешеден бастап Қызылорда қаласында зардап шеккен 9 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу жасалатындарды жақын уақытта, ал, күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттарды ақпан айының 20-сына дейін бітіруге тапсырма бердім. Ең жұмысы күрделі облыстық сот ғимаратын жөндеуге 80 жұмысшы тартылды. Әрі қарай да жұмысшылар саны арта береді. Коммуналдық қызметтер үздіксіз, тоқтатпай жұмыс істеуін бақылап отырмын. Сыр елін ауызбіршілікпен бірге өркендете берейік!», – деп жазды аймақ басшысы.

0

Пікір қалдыру