**Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының «Салауатты өмір салтын насихаттау» бөлімінің меңгерушісі Гүлдана Алмурзаева *Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында*** *жастардың басым бөлігі денсаулықты сақтау және нығайту туралы қажетті ақпараттарды ғаламтор арқылы алатынын айтты.*

Брифингте бөлім меңгерушісі орталық тарапынан ерте жүктіліктің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Жастардың басым бөлігі денсаулықты сақтау және нығайту туралы қажетті ақпараттарды ғаламтор арқылы алатыны белгілі. Осындай мәселелерді негізге ала отырып, облыстық жастар денсаулығы орталығы облыс көлемінде тиісті іс-шаралар ұйымдастырды. Аралас форматта мектептер мен колледж және жоғары оқу орындарында 114 іс-шара өткізілді. Оған 3792 жасөсіпірім қамтылды. Биылғы жылдың 8 айында репродуктивті денсаулықты қорғау бағытында біздің мекемеде жалпы тәжірбиелік дәрігерінен – 518, ал гинеколог маманнан – 211 адам кеңес алды. Алдағы уақытта да дәл осындай қарқынды жұмыстар әрі қарай жалғасады», – деді Гүлдана Айтмағанбетқызы.

Тағы да оқыңыз: