Гонконгте коронавирусқа қарсы вакцина шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Гонконгте коронавирусқа қарсы вакцина шықты

29.01.2020, 10:00

513 0

Kyzylorda-news.kz Гонконг қаласында коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің зерттеушілері хабарлайды. South China Morning Post-та жарияланғандай, жаңа препаратты шығару жұмыстарына Гонконг университетінің ғалымдары атсалысты. Мамандардың айтуынша, вакцинаны сынамадан өткізу біраз уақытты қажет ететін болады. Ал қолданысқа тек келесі жылы ғана шығатын болады.

Айта кетейік, қазір коронавирусқа қарсы вакцинаны шығаруға АҚШ пен Ресей елі де кірісіп кетті.

0

Пікір қалдыру