Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында тұрғындардың негізгі өтінші жұмыспен қамту тақырыбы аясында болды. Халықтың дені жұмыспен қамтылу мәселесін қозғады.

Сонымен қатар жеке қабылдау барысында «Қазалы Демеу мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі инватакси қызметі жөнінде бірқатар сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Жеке қабылдауда көтерілген мәселелермен толықтай танысқан басқарма басшысы Ғабит Жұмабекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті сала мамандарымен байланысып, шешілу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер жеке тұрақты бақылауында болатындығын атап өтті.

Жеке қабылдауға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлы, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Кеңесұлы қатысып, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тағы да оқыңыз: