Kyzylorda-news.kz.  Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ғанибек Қазантаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында айтты.

«Nur Otan» партиясының қалалық филиал ғимаратында өткен қабылдауда тұрғындар үй, жер, және т.б коммуналдық, әлеуметтік  мәселелерін көтерді.

Өздерінің өзекті мәселелерін қала әкіміне баяндаған тұрғындардың өтініш-тілегін шаһар басшысы мұқият тыңдап, әр азаматқа  жеке уақыт бөлді. Сондай-ақ, қабылдауда көтерілген түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға ерекше назар аударып, кез-келген сауалдың заң аясында жедел шешілуіне басымдық берді. Тиісінше жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп,  мәселенің шешілуі мен тапсырманың орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.

Кездесудегі көп сұрауының бірі баспана жайы. Бұл мәселеде қала әкімі тұрғын үй беру тек қолданыстағы заң аясында реттеліп, кезек ретімен табысталатындығын түсіндіріп, күз айларында сол жағалаудан 680 пәтер мұқтаж азаматтарға кезек ретімен берілетіндігін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: