Kyzylorda-news.kz. Үкіметтік емес ұйымдар ресурстық орталығында «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлері (ГКӘТ, ВКШӘТ)» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға «Таулы Карабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысушы ардагерлердің», «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» қоғамдық бірлестігінің жетекшілері, ардагер-жауынгерлер және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Шара барысында филиал директоры Ғани Байменов сөз алып, бірлестіктің мақсат-міндеттерімен таныстырса, бірлестік кеңесшісі Алтынсары Шүренов алдағы жоспарлармен бөлісіп, қатысушыларды жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілетін іс-шараларға белсене қатысуға және бірігіп ұйымдастыруға шақырды.

Жиынға қатысушылар қоғамдық бірлестік жұмысына табыс тілеп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынына сенім білдірді.

Шара соңында қоғамдық бірлестік мүшелеріне мерекелік төсбелгілер табысталып, ұйымның куәліктері берілді.

Тағы да оқыңыз: