Kyzylorda-news.kz. Биыл облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында 32 субъектіге бақылау шаралары ұйымдастырылды. Оның ішінде 13 профилактикалық бақылау және қадағалау, 19 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, бақылау қорытындылары бойынша 86 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталды.

Табиғат пайдаланушыларға 100 млн теңге көлемінде 44 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып айыппұл салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының м.а. Ертай Жайназаров баяндады.

Бүгінде «Геопортал» жүйесі бойынша ғарыштық мониторинг арқылы космостық бейне-суреттерді зерделеумен Қызылорда қаласының 50 километрлік радиусы аумағында 105 рұқсатсыз қалдықтардың орындары анықталып, барлығы 100 пайызға жойылды. Қазір таңда, рұқсатсыз қоқыс төккендерді анықтау бойынша 19 рейдтік іс шара жүргізіліп, заң бұзушылыққа жол берген 3 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ, атмосфералық ауаға әсер бойынша табиғат қорғау іс-шаралары бағытында шектеулі рауалы шығарындылар нормативтері бойынша 27 жобаның 25-не ластаушы заттар шығарындыларын азайтуды көздейтін іс-шаралар енгізілді. Нақты эмиссияларды ескере отырып, нормативтерді белгілеу бойынша шығарындылар 1907,043 тоннаға төмендетілді -, деді Ертай Күнтуарұлы.

Ағымдағы жылы «Байқоңыр» кешенінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық бақылау жұмыстарын жүргізу, 18 объектіге жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізу қарастырылды. Есепті мерзімде 12 мекемеге тексеру жүргізіліп, анықталған экологиялық заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар берілді.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен 2021-2025 жылдарға арналған «Таза ауа» іс-шара жоспары бекітіліп, қазіргі таңда бірлесе рейдтік жұмыстар атқарылуда. Іс-шара барысында бензин, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін 104 автокөлікке өлшеу жұмыстары жүргізіліп, 22 автокөліктен белгіленген нормативтен арту деректері анықталды. Нәтижесінде жол Полициясы қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне ескерту беріліп, хаттама толтырылды.

Тағы да оқыңыз: