Геннадий Шиповских: Бірлік – барлық бақыттың бастауы – Kyzylorda News
Басты бет

Геннадий Шиповских: Бірлік – барлық бақыттың бастауы

01.05.2020, 12:00

862 0

Kyzylorda-news.kz. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі біздің халқымыз үшін ерекше маңызға ие.

Халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген сөзінен достық, ынтымақ қастерлеудің үлгісі көрінеді. Осы бір өміршең қағида ұлтына, діни-сенім нанымына қарамастан еліміздің барлық азаматтарының берік ұстанымына айналды.

Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы өз жемісін беріп жатыр. Бір шаңырақтың астында түрлі этнос өкілдері бір отбасының балаларындай өмір сүріп жатыр.

Қазақ ұлты талай сыннан сүрінбей өтіп, бар қатерге ерекше сабыр танытқан. Бұл біздің жұдырықтай жұмылған бірлігіміздің көрінісі. Әлемді кезген індет өкінішке орай біздің елді де айналып өтпеді.

Ел Президентінің шұғыл шешімінің арқасында елімізде төтенше жағдай жарияланды. Бұл елдің денсаулығы мен қауіпсізігі үшін дер кезінде қабылданған шешім. Бірақ біз бұл сыннан да өтеміз. Бізді алда жарқын күндер күтіп тұр. Тек бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек.

Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын.

Геннадий ШИПОВСКИХ,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты