Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты

01.08.2021, 10:00

388 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін футболдан Қазақстан кубогы төртінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылордада жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Біріншілік барысында әзірге көш соңында келе жатқан қызылордалық клуб кубок ойындарында тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бірде-бір кездесуде жеңілген жоқ. Сол сәттілік сериясы бүгін де оларға серік болды.

Кездесу тағдырын 46-минутта қызылордалық клуб шабуылшысы Каролис Лаукжемис соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Қайсар» қарсыласын 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде өз тобында сегіз ұпаймен көш басында шықты.

Сондай – ақ, бүгін Алматының «Қайраты» сырт алаңда Түркістанның «Тұран» клубынан 3:4 есебімен жеңілсе, 30 шілдеде «Тараз» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.

Енді 1 тамызда «Мақтарал» мен «Тобыл», «Ордабасы» мен «Қызылжар», СДЮСШОР № 8 бен «Шахтер», «Ақжайық» пен «Астана» командалары кездеседі.

0

Пікір қалдыру