Kyzylorda-news.kz. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды үйден жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біз қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберуді ұсынамыз. Көріп отырғанымыздай елімізде бұлай істеуге болады. Жұмыс үрдісіне бұл жағдайдың зияны тимейді. Аурудың жаппай таралуын қоғамдық бас қосуларды болдыртпау арқылы алдын алуға болады», – деді Есмағамбетова. 

Бұған қоса ол тұрғындарды сақтық шараларын ұмытпауға кеңес берді. Сөзінше, маска кию, қол жуып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қазір басты мәселе болып тұр. 

Сондай-ақ Есмағамбетова жұмыс беруші тарапқа қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс жағдайымен қамтамасыз етуге шақырды.

Тағы да оқыңыз: