Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Ұлттық банкі 2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналым кезеңінің аяқталатынын еске салады.

Қатар айналым кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылдануға міндетті.

2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.

Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналымы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.

2020 жылғы 10 маусымнан кейін (кезең аяқталған соң):

Екінші деңгейдегі банктер қатар айналым кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;

Ұлттық банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды. Сонымен бірге  2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді.

 «Хабар 24»

Тағы да оқыңыз: