Kyzylorda-news.kz. Есірткі дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын кім де болса біледі. “Есірткінің адам денсаулығына қандай кесірі бар?” деген сұрақтың да жауабын әрбір адам біледі.

Алайда біле тұра, сол есірткіні пайдалана береді, өзіне шектеу қоя алмайды. Бұл дегеніміз адам баласы өз денсаулығына өзі кесірін тигізіп отырғаны, өзін-өзі еш бағаламай, өзін адам кұрлы көрмеуі,содан есірткінің айдауымен өмір сүріп келеді. Мына бес күндік өмірде еш есірткісіз, салауатты өмір салтын ұстанып, болашаққа ұмтылып, жарқын өмір неге сүрмеске?

Есірткінің түрлері мыналар:

1.Токсиномия

2. Марихуана

3. Героин

4. Какоин

5. Экстози

Есірткі-ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында-оның көмегімен қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын өзі ғана қарастыруы керек. Дені сау адам еңбекке әрқашан құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.

Есірткі адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратып, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жеткізеді. Осылардың барлығын біз өте жақсы білеміз. Себебі теледидардан, ғаламторлардан көптеген ақпараттар берілуде. Неге біз осы ақпараттарды санамызға ұғып, бойымызды есірткіден аулақ ұстамасқа? Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Елімізде жұмыс көзі көп, тек қана еңбек ету керек. Бойымызды, ойымызды жаман әдеттерден аулақ ұстап, кітап оқып, өнерге ұмтылып, санамызды пайдалы әрекеттерге бұрсақ, біздің еліміздің болашағы күндей ыстық, судай мөлдір, сүттей аппақ болары сөзсіз ғой. Мектеп қабырғасында жүріп, ұстаздарымыздың есірткіге қарсы ұйымдастырған іс-шаралары бойымызға тәрбие мен өнеге болып дарыды.

Барша өскелең ұрпақты салауатты өмір сүруге, есірткіге қарсы тұруға, сауатты да саналы болуға, ата-бабамыздың бойымызға дарытқан тәрбиесін мәңгілік қалдыруға шақырамын.

Біз біргеміз! Бір-бірімізге жанашыр болайық!

Бақдәулет БАРЗУОВ,

Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы,

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 11«А» орыс сыныбының оқушысы

Тағы да оқыңыз: