Есірткі өсірген Жалағаш ауданының тұрғыны ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Есірткі өсірген Жалағаш ауданының тұрғыны ұсталды

27.07.2021, 17:43

347 0

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 20 шілде күні өз үйінің ауласында 15 түп сора өсірген аудан тұрғыны ұсталды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан сора және оны баптап өсіруге арналған құрал-саймандарды айғақ зат ретінде тәркіледі.  

«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

0

Пікір қалдыру