Есепте тұрған көпбалалы анаға көмек көрсетілді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Есепте тұрған көпбалалы анаға көмек көрсетілді

02.03.2021, 16:40

345 0

Kyzylorda-news.kz Қызылорда қалалық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығы бірлесіп, есептегі азаматтарға қайырымдылық көмек ұйымдастырды. Олар бұл жолғы қайырымдылық көмекті пробация есебінде тұрған жалғызбасты, көпбалалы аналарға көрсетті.

Пробация есебіндегі көпбалалы азаматшаның айтуынша, әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыс істеп тапқан азын-аулақ табысы балаларының нәпақасынан, ас-суынан артылмайды. Балаларына компьютер алып беруге жағдайы жоқ. Оның жағдайына бей-жай қарамаған пробация қызметкері мен Жастар ресустық орталығының мамандары жалғызбасты көпбалалы екі азаматшаға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерімен бірге балаларына компьютер табыстады.

Көпбалалы ана балаларына қуаныш сыйлаған белсенділерге алғысын айтты.

0

Пікір қалдыру